Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мектеп «миналанған» деген жалған хабар тарады

Павлодарда мектеп «миналанған» деген жалған хабар тарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте сағат 11.55-те Павлодар облысы Төтенше жағдай департаметінің «112» телефоны бойынша мына мазмұндағы жарылғыш зат салынғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Академик Шөкин көшесі, 27 үй мекенжайындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде террористер бар деген хабарлама келді.

– Көрсетілген мекенжайға шұғыл қызметтер жіберілді, 1048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеді, №22 ЖОББМ оқу орнын тексерді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сонымен қатар, полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық екенін және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру