Павлодарда полицейлер мен түнгі клуб иелері меморандум жасасты
Павлодарда полицейлер мен түнгі клуб иелері меморандум жасасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінде Gioconda, Gatsby, Garage, Гоголь мен 4 Комнаты түнгі клуб иелерімен кездесу өтті. Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсеитов кездесуді аша отырып, түнгі клубтарының өкілдерін аймақтағы есірткі жағдайымен, полицейлердің түнгі көңіл көтеру орындарындағы есірткілердің таралуымен күресу шараларымен бөлісті.
Кездесу барысында клуб қонақтары арасындағы нашақорлыққа қарсы бірлескен іс-қимылдың аясында түнгі клубтар әкімшілігі мен полицейлердің әріптестігінің нығайтуы мен практикалық түрде өзара қатынастардың дамытуы жайлы мәселелер қозғалды.
Кездесу соңында мейрамханалар, түнгі клубтарда, әсіресе жаз уақытта жастардың көп жиналатын орындарда есірткінің таратуын болдырмау туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, екі жақ өзара конструктивті қатынас жасауға мақсат қойды.
– Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз, біздің әріптестігіміз жемісті болатынына сенеміз. Уақытылы жасалған алдын алу шаралары – адам өмірін қорғап, сақтап қалуға көмектесетінін түсінуіміз керек. Жастардың есірткіге жол бермеуі – ортақ мақсатымыз, – атап өтті Оңғарбаев.