Павлодарда пробация қызметінде есепте тұрған сотталған жеке кәсібін құрды
Павлодарда пробация қызметінде есепте тұрған сотталған жеке кәсібін құрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
34 жастағы ауыл тұрғыны ұрлық жасағаны үшін сотталды. Сотталған кезде оның шағын фермасы болған. Сот үкімі шыққан соң ер адам пробация қызметіне тіркелуге келді.
– Тіркеу кезінде сотталушы депрессияға ұшырады. Соттылықтың болуы оны азаптады және ол жасаған әрекеті үшін ұялды. Әңгіме барысында біз оның өмірі мұнымен бітпегенін, егер ол түзелуін көрсетіп, жазаны өтеу тәртібін бұзбай, жұмыс істеп жүрсе, пробация қызметкерлері оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мәселесін қарастыру үшін сотқа материал жіберетінін түсіндірдік. Біз оған жұмыс істеу керектігін, оның жанұясы бар екенін түсіндірдік. Қажет болса, біз көмек көрсетіп, оны жұмыспен қамту орталығына жібереміз. Әңгіме барысында ол бала кезінен жылқыларды ұнататынын айтты. Біз жылқы шаруашылығымен айналысуға кеңес бердік. Бұл үшін біздің ауданда барлық жағдайлар бар, – деді пробацияның аға инспекторы Әсет Ахметжанов.
Бірнеше айдан кейін сотталған бірнеше жылқы сатып алды, бүгінде оның табында жүзге жуық жылқы бар. Ол есепте екі жылға жуық тұр. Қазіргі кезде шаруы қожалығының басшысы биенің сүтін заманауи технологияларды қолдана отырып өңдеумен айналысады (машинамен сауу). Бір күнде облыс орталығына сауда нүктелеріне 80-100 литр қымыз жіберіледі. Сонымен қатар ет тапсырады. Қазір ШҚ-та екі жұмысшы жұмыс істейді, ал жұбайы көмектеседі. Жұмысшылардың барлығы ауылдың жергілікті тұрғындары.
– Жылқы үшін ең бастысы – дұрыс күтім, азықтандыру. Ветеринария мәселесі өте маңызды, уақытылы егу жануарларды аурудан үлкен қиындықтар мен шығындардан құтқарады, деп есептейді шаруашылық басшысы. Шынымды айтсам, мен жақсы көретін іспен айналысамын, бұл маған табыс әкеледі. Мен өмірімде ешқашан заң бұзбаймын, мені шабыттандырған, болашаққа сенімділік берген пробация қызметкерлеріне ризамын. – дейді сотталған.
Оның мерзімінің аяқталуына әлі екі жыл бар.