Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Менің қайда болғаным құпия болып қалғанын қалаймын”: Көкшетауда бұрын хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үйіне қайтып келіп, өзіне қатысты іздестіру шаралары жүргізілген уақытта қайда болғанын айтудан бас тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ағымдағы жылдың 11 тамызында Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 65 жастағы тұрғыны өтініш білдірді. Ер адам 10 тамызда сағат шамамен 20.30-да 60 жастағы ағасы үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайда екені белгісіз екенін айтты.

Полиция іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, облыс бойынша бағдарлар жіберді, ер адамның болуы мүмкін жерлерін тексерді, туыстары мен таныстарынан жауап алды.

Үш күннен кейін хабар-ошарсыз кеткен ер адам бейтаныс адамдардан туыстары мен полиция оны іздеп жатқанын біліп, үйге өзі оралды.

Ол өзінің туыстарына қабылданған іздестіру шараларына наразылық білдірді. Сонымен қатар Көкшетау тұрғыны қайда болғанын құпия болуын қалайды..

Жедел уәкілдердің айтуынша, табылған адамдар үйіне барудан бас тартуы жиі кездесетінін айтады. Мұндай жағдайларда іздестіруге жарияланған адам полицияға оған қатысты іздеу жүргізуді тоқтату туралы өтініш жазады. Сондай-ақ ол полицияға оның қайда екендігі туралы туыстарына хабарлау керек пе, жоқ па деген белгі жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру