Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мүлкін ТСҚ-да қалдырған адам бір айдан кейін одан айырылып қалды

Ақмолада мүлкін ТСҚ-да қалдырған адам бір айдан кейін одан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Бұланды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 33 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Ер адам техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері оған тиесілі ВАЗ-2110 маркалы автомобильдің төрт дөңгелегін мен домкратын иемденгенін хабарлады. Шығын сомасы 264 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Макинск қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады.

Бұған дейін өтініш беруші осы ТҚС-да өз автомашинасына жөндеу жүргізгені, ал автокөлікті алып кеткенде, техникалық қызмет көрсету станциясының иесімен белгілі бір уақыттан кейін мүлікті алып кетуге келісіп, төрт дөңгелегін қалдырғаны анықталды.

Бір айдан кейін кәсіпкер бизнестің жабылуына байланысты барлық жабдықты жалға алынған аумақтан алып шыққан, ал бұл туралы жәбірленушіге хабарламаған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.
Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру