Павлодарда пробация қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастырды
Павлодарда пробация қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы сотталған Дмитрий ұрлық үшін жазасын өтеп жатыр. Сот үкімі бойынша Дмитрийге пробациялық бақылау орнатылды.
– Есепке қою кезінде сотталғанның жер үйде жалғыз тұратынын білдік. Оның туыстары мен жақындары жоқ. Жұмысы да болмады. Біз оны бірден Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жібердік. Бір аптадан кейін ол ресми түрде құрылыс компаниясына жұмысқа орналасты, – дейді Павлодар қаласы пробация қызметінің аға инспекторы Фарид Мағзұмов.
Сотталған тіркеу кезінде банктік шот ашқанын және пәтерге ақша жинайтынын, өзінің алдына мақсат қойғанын айтты. Сонымен қатар, ол екінші жұмысқа орналасты, отбасын құрмақшы. Пробация қызметінде тұрақты тіркеліп жүреді.
– Есепте тұрған тұлғалармен үнемі әңгіме жүргіземіз, сонымен қатар психолог олармен сөйлеседі. Дмитрийде жақында шартты түрде босатылуға мерзімі келеді. Енді ол заң бұзбайды деп үміттенеміз. Екінші, тіпті үшінші рет тіркелген жеке тұлғалар бар екенін жасырмаймыз. Дегенмен, біз олармен жұмыс жасаймыз. Инспекторлар оларға тұрғылықты жері бойынша барады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, біз жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалды сотқа жібереміз,- деп қосты Мағзұмов.