Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда құқық бұзушылардан 7 миллион теңге өндірілді

Павлодарда 26 наурыздан 2 сәуірге дейін «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – «нөлдік төзімділік», жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтарға жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру.

Павлодар қаласы Полиция басқармасы көлік құралдарының жүргізушілерін арнаулы автотұраққа көлігінің жабылуын болдырмау үшін уақытылы әкімшілік айыппұлдарды төлеуге шақырады.

– Айыппұлдарды келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болады: egov.kz электрондық үкімет порталының көмегі арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің касса бөлімшелерінде және банктердің интернет-сайттарында. Смартфондар көмегімен екінші деңгейдегі банктерінің қосымшалары арқылы айыппұлды төлеуге болатынын атап өткім келеді, – деп нақтылады Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрғали Омарбеков.


ЖАІ бес күн ішінде 7 млн 438 мың теңге өндіріп алынды, жеті автомобиль арнаулы автотұраққа орналастырылды. Мәселен, ЖАІ кезеңінде сомасы 218 мың теңгеге төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар, «Ваз» маркалы автомобильдің жүргізушісі тоқтатылды. Автомобиль әкімшілік айыппұлдар төленгенше дейін арнаулы автотұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру