Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер колледж студенттерімен кездесті

Қызылордада полицейлер колледж студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң жағынан сауаттылық таныту – қазіргі заманның басты талабы. Бүгінгі таңда әрбір жас азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін жетік біліп, заң үстемдігі идеясын жүзеге асыру қажет.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы басшылығының бастамасымен “Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара аясында ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері “Ақмешіт” колледжінің студенттерімен офлайн-режимде кездесуге қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормалары туралы айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті тағы да еске салып өтті.

Оқушылардың назарын орын алған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қатысуымен болған сәттерге де аударды.

Полиция қызметкерлерімен студенттер арасындағы кездесу жоғары дәрежеде өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға полиция қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.

Кездесулерді осындай форматта өткізу тыңдаушыларға ұзақ уақыт есте қалатын ақпаратты оңай жеткізуге көмектеседі.

Студенттермен осындай кездесулер облыс орталығының барлық колледждерінде өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру