Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы тұрғындарға есеп берді

Жамбыл облысы ПД бастығы тұрғындарға есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өңір тұрғындарына онлайн-режимде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Бұл туралы ол өзінің “Facebook” парақшасында жазды.

– Бүгін облыс тұрғындарымен онлайн-форматта есеп беру кездесуін өткіздім. Жамбылдықтар “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілерінде маған сұрақтар қойды. Шамамен бір сағатқа созылған тікелей эфирге үш мыңға жуық адам қатысты.

Азаматтарды 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларымен таныстырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еттім.

Тұрғындардан 100-ден астам өтініш түсті. Олар негізінен қалта ұрлығы, интернет-алаяқтық, жол қауіпсіздігі, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы, сондай-ақ әкімшілік заңнамаларға қатысты болды. Кейбір сұрақтарға жауаптар тікелей эфир барысында берілді. Қалған сауалдар зерделеніп, өтініш берушілерге міндетті түрде толық жауаптар берілетін болады, – деп атап өтті Ж. Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру