Павлодарда қылмыс саны азайды
Биыл жылдың басынан бері Павлодар облысында қылмыстар саны 26,5%-ға қысқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде қарақшылықтар 27,3%-ға, тонаулар 31;1%-ға, ұрлықтар 48,6%-ға, олардың арасында пәтер ұрлықтары 50,3%-ға, ұялы телефондар ұрлығы 55,6%-ға, мал ұрлығы 31,1%-ға және бұзақылықтар 39%-ға азайды.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 39,9%-ға азайды, оның ішінде көше қылмыстары 52,8%-ға қысқарды.
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мақсатында, сонымен қатар, учаскелік инспекторлардың құқықтық тәртіпті сақтау үшін бекітілген аумақтарды аралау жұмыстары жүргізіледі. Жүргізілетін рейдтік шараларға облыстан 100-ден астам волонтер қатысады.
Құқық бұзушылыққа бейім адамдармен алдын алу шаралары, яғни, оларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының мамандары 2700 қорғау құжаттарын толтырды. Ішкі істер органдарының өтініштерімен соттар 295 құқық бұзушыға қатысты ерекше талаптар қойды.
Алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзудың 142 дерегі тіркелді.
Жол ережелерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 101 квадратқа бөлінген (Павлодар қ. – 64, Екібастұз қ. – 28 және Ақсу – тоғыз квадрат). Күнбе күн қоғамдық тәртіпті сақтауға 1200 қызметкер жұмылдырылады, олардың ішінде ұлттық ұланның 200 қызметкері бар. Саяжау шаруашылықтарында да жұмыс атқарылады.
Құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету және халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, адамдар тұратын жерлерде қылмыстарды алдын алу мақсатында 2018 жылдан бері WhatsApp мессенджерінде арнайы топ ашылған. Оның құрамында ПИК төрағалары, учаскелік инспекторлар және ЖПҚ басшылары бар.
Қылмыстардың бетін ашу және алдын алудың негізгі тәсілі – бейнебақылау камераларын қолдану. Әр екінші қылмыс осы құралдардың көмегімен ашылады. Бүгінгі күні полиция құрылымдары Павлодар қ. ПБ Жедел әрекет ету орталығының 117 камерасын пайдаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен басқа мекемелердің 5 569 камерасы пайдаланылады. Жалпы, облыстағы криминогенді жағдай тұрақты және бақылауда тұр.