Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Армениялық автокөліктердің иелері: “Біздің мәселеміз шешілді”

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды. Бірінші күні қазақстандық есепке 105 автокөлік қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тіркеу жедел түрде жүргізілді және азаматтар қысқа мерзімде “Қазақстандық” техпаспорт пен нөмір алды.

Автокөліктерді тіркеуде Атырау және Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары белсенділік танытты.

Автокөлік иелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтардың мүддесі үшін ашық диалог өткізіп, проблемалық мәселені шешкені үшін алғыс білдірді.

“Мемлекет халыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Біз автокөліктерді білмей әкелген едік, бізде уайым көп болды. Бұл мәселені шешкеніне және 12 мыңға жуық автокөлікті рәсімдегеніне үлкен алғысымды білдіремін. Үлкен рахмет!”, – деді Ақтөбе облысының тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алғаннан кейін.

“Мен қалаған нөмірді алдым. Мұндай шешім үшін Үкіметке үлкен рахмет. Көптеген даулар мен диалогтар болды, бірақ шешті. Біз қазақстандық тудың астында, 01 нөмірімен жүретін боламыз, өйткені мен елорда тұрғынымын. Тек техпаспорт пен нөмір үшін ғана ақы төледім”, – деп өз пікірімен бөлісті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

“Жігіттер, мен рәсімдедім. Үлкен рахмет! Енді, менің ойымша, ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы уайымдар болды. Бірақ енді бәрі шешілді, бұл үшін өте ризамын” – деді бейнежазбасында автомобиль иесі.

Азаматтарға қолайлы болу үшін барлық мамандандырылған ХҚКО-да және Cаll-орталықтарда туындаған мәселелер бойынша әкімшілік полиция қызметкерлері кеңес береді. Азаматтар, көбінесе, қайта жабдықталған автокөліктерге көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алу тәртібін түсіндіруді сұрайды. Заңнамаға сәйкес бұл құжатты Сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынау зертханалары береді.

Армениядан автокөлік сатып алған Қазақстан азаматтары оларды Қазақстан Республикасында тіркеу үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Арнайы ХҚКО-на келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
• жеке куәлік;
• мемлекеттік немесе орыс тілдерінде расталған аудармасы бар техпаспорт;
• көлік құралының мемлекеттік нөмірі;
• мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер (мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 тг., техпаспорт үшін – 3 473 тг. тіркеу үшін алым-695 тг.).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру