Павлодарда тротуармен жүрген көлік жүргізушісіне айыппұл салынды
Павлодарда тротуармен жүрген көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Instagram әлеуметтік желісінде ti.pavlo жарияланған бейнеролик бойынша полиция тексеру жүргізді.
– 25 тамызда Павлодар қаласында сағат 16.30-да Toyota автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Естай көшесінде тротуармен жүргені анықталды. Жүргізушінің іс-әрекетінде жол қозғалысы ережелерінің 9.9-тармағының бұзылуы байқалады. Аталған құқық бұзушылық үшін Май ауданының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.