Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жоғалған екі баланы тапты

ШҚО полицейлері жоғалған екі баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын “102” жедел арнасына 62 жастағы әйел жүгініп, ол 2007 жылы туған кәмелетке толмаған немересін іздеуге көмектесуді сұраған. Қарт әйел немересіне мектеп формасын алу үшін 20 мың теңге беріп, алайда 15 жастағы жасөспірім ақшаны алып, үйден кеткеннен қайта үйге оралмағанын жеткізген.

Көп уақыт өтпестен “102” жедел арнасына мамандандырылған жасөспірімдер үйінің тәрбиешісінен 2006 жылы туған тәрбиеленушінің досына аулаға шығып, қайтып оралмағанын хабар түсті.

Жоғалған екі кәмелетке толмаған бала дос екені белгілі болды. Сол күні олар кездесуге келісіп, жолыққан соң екеуі хабарсыз кеткен.
Кәмелетке толмағандарды іздеу мақсатында дабыл бойынша Өскемен қаласы ПБ жеке құрамы көтерілді. Полиция қызметкерлері қаланың саяжай серіктестіктерінің іргелес аумақтарын аралап, жасөспірімдерді көруі мүмкін куәгерлер мен жолаушылардан жауап алды.

Өскемен қаласы ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Еркежан Жақыпова Өскемен қаласы ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Тілек Айтмұқашпен бірге қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмағандарды тапқан, сөйтсе олар танысының үйінде болған екен.

Белгілі болғандай, олар 15 жастағы жасөспірімге әжесінің берген қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қаражаттары таусылған олар таныс қызға қонаққа баруды шешкен. Қыздың анасы полицияға қоңырау шалып, жоғалған кәмелетке толмағандардың қайда екендігі туралы хабарлап, дереу мекенжай бойынша шыққан полицейлер, балаларды тұрғылықты мекенжайларына жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру