Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнгі уақытта компьютерлік клубта болған жасөспірім анықталды

Павлодарда түнгі уақытта компьютерлік клубта болған жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйек сағат 00.10-да Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері 17 жастағы жасөспірімнің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден кейін М.Горький көшесіндегі компьютерлік клубта болу фактісін анықтады. Кәмелетке толмаған баланың көңіл көтеру орнында болуына жол беру фактісі бойынша мекеменің 30 жастағы иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімі бойынша хаттама жасалды. 

Айта кету керек, аталған іс-шаралар 2021 жылғы 13-19 қыркүйек аралығында өңірде өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру