Павлодарда ұрлықшы әйел ұсталды
Павлодарлық полицейлер дүкеннен көйлек ұрламақшы болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 9 қараша күні сағат 14.30-да полицияға Бұхар жырау көшесі бойындағы дүкендердің бірінен қала тұрғынының көйлек ұрламақшы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Болған оқиғаның мән-жайын анықтау барысында полиция қызметкерлері күдіктінің әйелдерге арналған үш көйлекті іріктеп алып, киім өлшеу бөлмесіне кіріп, оның ішінен екі көйлекпен шыққанын, ал үшінші көйлекті сөмкесіне тығып алғанын анықтады.
Алайда қырағы сатушы оның ұрлық жасамақ болғанын сезіп қойған. Осылайша күдікті әйел қылмыс үстінде ұсталды.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.