Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері бүгін жұмыс күнін бір минут үнсіздіктен бастады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және оған қарасты барлық мекеме қызметкерлері бүгінгі күннің батыры Ғазиз Байтасовты еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан есіл ерлердің бірегейі болып табылады. Қырықтан асқанда қыршынынан қиылған әріптестерінің ерен ерлігі ішкі істер органдарының әрбір қызметкерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру