Павлодарда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Павлодарда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жолдың жүріс бөлігінде жайылып жүрген жылқылардың иесі анықталды. Ол 45 жастағы павлодарлық болып шықты, жылқы иесі ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Марат Тілеулин.
Полицейлер тұрғындарға мал жайылымына шыққан кезде оны қараусыз қалдырмауларын сұрайды.
Айта кету керек, жылдың басынан бері қараусыз жүрген 421 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.