Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мектеп оқушыларымен “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” атты кездесу өткізді

Алматы облысының полицейлері мектеп оқушыларымен “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” атты кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпанда “Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ораз Жандосов атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталығы” комуналдық мемлекеттік мекемесінде Райымбек АПБ Тергеу бөлімшесінің тергеушісі Альбина Зинаудинова, Райымбек ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі ЮПТ инспекторының, Райымбек аудандық аналар алқасының төрайымының, Райымбек аудандық ауруханасының гинеколог дәрігерінің, О.Жандосов орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымының, О.Жандосов орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолгы, қыздар ұйымының жетекшісінің, “Хантәңірі” газеті ұжымының қатысуларымен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” атты кездесу өткізілді.

Соңғы онжылдықта елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың өсуі байқалып отыр. Қазіргі таңда бұл азаматтың жаһандық проблемасына айналуда.

– Жоғарыда аталған қылмыстардың орын алуына себепкер болатын көптеген факторлар бар. Біздің ойымызша олардың ішіндегі ең басты факторлар – отбасы институтының әлсіреуі, моралдық-адамгершілік деңгейінің төмендеуі, профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіз деңгейі, порнография мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын интернет-сайттардың теріс әсері, алкогольдік ішімдіктер мен бейморальдық қылықтан туындаған жәбірленушілердің мінез-құлқын арандату, – деді Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нұрдаулетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру