Павлодарда жергілікті тұрғындар учаскелік полиция инспекторының қызметіне алғыстарын білдірді
Павлодар қаласы Алматинская көшесінің тұрғындары учаскелік полиция инспекторының қызметіне алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовке Алматинская көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары атынан алғыс хат келіп түсті.
Тұрғындар өздері тұратын аумаққа қызмет көрсететін №5 ППБ учаскелік инспекторы Сұлтан Ахметовке тұрғындардың өтініштеріне уақтылы ден қойып, іргелес аумақтарды абаттандыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
– Біздің учаскелік инспектор әрқашан сыпайы, өз жұмысын мүлтіксіз атқарады. Біз оған өз міндеттерін адал әрі ықыласпен атқарғаны үшін алғыс айтамыз, – дейді тұрғындар.