Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан азаматшаны ұстады

Сәтбаев қаласында пәтер ұрлығымен айналысқан азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 46 жастағы азаматша хабарласып, бір тәуліктен астам уақыт үйінде болмағанын, сол кезде  белгісіз біреудің кілт таңдау арқылы пәтеріне кіріп, 50 мың теңгесін ұрлап кеткені туралы шағымданған.

11 қараша күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азаматша ұсталды, ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру