Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жергілікті тұрғындар учаскелік полиция инспекторының қызметіне алғыстарын білдірді

Павлодар қаласы Алматинская көшесінің тұрғындары учаскелік полиция инспекторының қызметіне алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовке  Алматинская көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары атынан алғыс хат келіп түсті.

Тұрғындар өздері тұратын аумаққа қызмет көрсететін №5 ППБ учаскелік инспекторы Сұлтан Ахметовке тұрғындардың өтініштеріне уақтылы ден қойып,  іргелес аумақтарды абаттандыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

– Біздің учаскелік инспектор әрқашан сыпайы, өз жұмысын мүлтіксіз атқарады. Біз оған өз міндеттерін адал әрі ықыласпен атқарғаны үшін алғыс айтамыз,  – дейді тұрғындар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру