Павлодарда жол үстінде телефонмен сөйлескен жүргізуші айыппұл арқалады
Павлодарда жол үстінде телефонмен сөйлескен жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 9-тармақшасына сәйкес жүргізушіге көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлесуге тыйым салынады.
– Осы талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 591-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған – 10 АЕК, қайталанған жағдайда 5 АЕК айыппұл салынады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жүргізушілер гаджеттерді пайдалану қаупін түсініп, көлік құралын басқара отырып, мүмкін болатын салдарды бағаламай, арнайы құралдарсыз телефонмен сөйлеседі.
Мәселен, Павлодар қаласында Жедел басқару орталығының камераларымен Ак. Сәтпаев-Толстой көшелерінің қиылысындағы құқық бұзушылық анықталды. Mercedes маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлескен. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Жылдың басынан бері Павлодар облысында жүргізушілерге ұялы телефондарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 2712 әкімшілік хаттама толтырылды.