Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық әйел досы «мені ұрып-соқты» деп полицияға шағымданды

Павлодарлық әйел досы «мені ұрып-соқты» деп полицияға шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полициясына 45 жастағы әйелден қоңырау келіп түсті. Оның айтуынша, бірге тұратын ер адамның досы оны ұрған. Әйел тәртіп сақшыларынан шұғыл келіп, оны құтқаруды өтінді.
Бірнеше минуттан кейін аталған пәтерге келген полицейлер ондағы барлық адамдардың – бұл өтініш берушінің өзі және оның жолдасы мен досы мас күйде екенін көрді.

Ешқандай ұрып-соғу туралы сөз болған жоқ. Полицейлерді көргенде пәтер иесі мұндай шақырумен досын қорқытқысы келгенін айтты. Белгілі болғандай, ер адам әйелге алкоголь сатып алудан бас тартқан. Сол үшін әйел полицияны шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру