Павлодарлық полицейлер алаяқтар тобын қолға түсірді
Павлодар облысының полицейлері алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін иемденген екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының ПД Криминалдық полиция қызметкерлері облыс тұрғындарының мүлкін алдау жолымен иемденген алаяқтар тобын ұстады.
2020 жылғы 7 қазанда аталған алаяқтар Екібастұз қаласындағы базарлардың бірінде алдау және сенімге кіру жолымен 49 жастағы жеке кәсіпкерге тиесілі электр тауарларын иемденген.
Олар тауарды таңдап, ақшасын төлеу үшін банк карточкасының нөмірін сұраған. Сатушы ешқандай күдіксіз оларға банк картасын суретке түсіруге берген. Бірнеше минуттан кейін олар сатушыға 160 000 теңге сомасындағы чектің фотосуреті бар хабарламаны көрсеткен.
Сатушы шотын тексерген, бірақ көрсетілген сома шотына түспегендіктен банктің байланыс орталығына қоңырау шалған, онда оператор ақша аударымдары кезінде кідірістер болатынын түсіндірген.
Осындай алаяқтық тәсілмен аталған зиянкестер Павлодар қаласының сауда үйлерінің бірінен 70 000 теңге көлеміндегі сомаға автобөлшектер сатып алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде алаяқтардың Нұрсұлтан қаласының 28 және 34 жастағы тұрғындары екені анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190 – бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.