Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер алаяқ әйелді ұстады

Қызылорда облысында пәтер алаяғы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полиция қызметкерлеріне облыс орталығының тұрғыны жерлесінің көп қабатты үйлерден пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 542 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргені туралы шағымданған.

Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті азаматша бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының                    1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру