Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 417 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

Павлодар облысында 2020 жылдың 9 айында 417 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасыратыны жоқ, көптеген жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан айырылғанымен, көлік құралын мас күйінде қайта басқарады.

Басқару құқығынан айырылған  жүргізушілер жол қозғалысының барлық қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді. 

Павлодар қаласында жүргізушілер арасындағы көлік басқару тәртібін көтеру және жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында  тәртіп сақшылары 2020 жылғы 7-16 қазан аралығында “Лишенник”жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Жыл басынан бері облыста сот шешімімен 417 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Оның ішінде 333 жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны, екеуі көлікті мас жүргізушіге сеніп тапсырғаны, 30 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны,  23 жүргізуші полиция қызметкерінің талаптарын елемегені, 18 жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына зиян келтіргені  үшін көлік басқару құқығынан айырылған.

“Сағат 20.00 шамасында “102” операторына Лермонтов – Бұқар жырау көшелерінің қиылысында “Ravon Nexia R3″ маркалы автокөлікті мас жүргізуші басқарып келе жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Ақпаратты тексеру үшін дереу патрульдік полиция экипажы жіберілген. Жоғарыда аталған автокөліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, Назарбаев даңғылына қарай ойысқан. Кейін Лермонтов көшесіндегі көлік тұрағында аталған көлік ұсталып, бұғатталды. Тексеру барысында 1983 жылы туған жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік масаю күйінде болғаны анықталды”, – деді полиция қызметкері Арман Қаптағаев.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі, 613-бабының 1-бөлігі, 612-бабының 1-бөлігі  және 599-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру