Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерге қарсы күрес күшейтілді

Ақтөбе облысында мас күйінде көлік айдап жүрген, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері 9 қазанда Шұбарқұдық ауылында “Нива”автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған, ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

10 қазан күні Ақтөбе қаласында сағат 02:50 шамасында Рысқұлов пен Макаренко көшелерінің қиылысында бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы  “Ваз-21093” автокөлігі тоқтатылды. Көлік жүргізушісі көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған.

Жоғарыда аталған екі факт бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазіргі таңда автокөлік жүргізушілері уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру