Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда карантин режимін бұзғандар анықталды

Атырауда карантин режимін бұзып, той жасағандар  анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында жұма – жексенбі күндері аралығында карантин режиміне сай талаптарды орындамаған ондаған той иелерін анықтады.

Атап айтқанда, қаланың Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адаммен той өткізілген.

Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам,  “Алмагул” ықшам ауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам,  Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адам жиналған той анықталды.

“Жерұйық” ықшам ауданында орналасқан мейрамханалардың біріндегі караоке барда 15-20
адам анықталды.

Сонымен қатар Лесхоз ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан екі
кальян – бар иелері де карантин режиміне қатысты тыйымдарға қарамай, жұмыс жасаған.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру