Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері құқық бұзушылармен күресті күшейтуде.

Алматыда 1 мың 300 жүргізушіге автокөліктің шу деңгейін ұлғайтқаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы  жолда жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.

“Әдетте, кейбір автокөлік жүргізушілері тікелей ағынды резонаторлық саптамаларды қолдана отырып, азаматтардың тыныштығын бұзады, автокөліктер мен мотоциклдер шығаратын шу деңгейінің жоғарылауына байланысты азаматтардың тарапынан әділ сын тудырады. 2020 жылдың 9 айында рұқсатсыз түрлендірілген көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 1 мың 299 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін 15 мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 74 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды”, – деді Алматы қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы  Жандос Мұраталиев.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру