Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бекіре тұқымдас балық аулаумен заңсыз айналысқан күдікті ұсталды

Атыраулық полицейлер заңсыз балық аулаумен айналысқан күдіктіні ұстады, одан жалпы салмағы 625 кг бекіре тұқымдас 238 балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 14 қазанына қараған түні Жайық өзені Дамбы селосы тұсындағы бірінші өзекте “Yamaha” аспалы моторы бар қайықты ұстаған.

Қайық ішінен жалпы салмағы 625 кг болатын бекіре тұқымдас 238 балық табылып, тәркіленді.

“Күдікті Жаңаталап кентінің 31 жастағы тұрғыны болып табылады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ, облыстың бас полицейі өңірде 10 қыркүйектен 31 қазанға дейін браконьерлікпен ымырасыз күреске бағытталған “Бекіре” жедел – алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру