Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 2020 жылдың 9 айында қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 7497 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Шымкенттік полицейлер 2020 жылдың 9 айында қала аумағындағы қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 7497 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері биылғы жылдың 9 айында қала аумағындағы қоғамдық орындарда темекі тартқан 7497 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу)  және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкен 3789 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру