Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер кұжатсыз көлік басқарған шетелдікті анықтады

Павлодарлық полицейлер кұжатсыз көлік басқарған шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы ПБ полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде алкогольдік мас күйінде ВАЗ-21124 автокөлігін басқарған 43 жастағы ер адам ұсталды. Оның мастылығы медициналық куәландырудың қорытындысымен расталды.

Тексеру кезінде Беларусь Республикасының азаматының жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар, ер адам өзінің кәмелетке толмаған ұлына қатысты алименттік міндеттемелерін орындамағаны үшін Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.

Аталған факті бойынша құқықтық тәртіп сақшылары шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар кодексiнiң 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

Сотпен ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

– Сот Екібастұз қаласы ПБ-ның Беларусь азаматын Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. 7 тамызда Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлері аталған азаматты «Нұр-Сұлтан-Минск» әуе рейсімен елден шығарып жіберді, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру