Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада анасымен кездескен сотталған мекеме басшылығына алғысын айтты

ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесулерге тек әйелі, балалары ғана емес, аналары да келіп тұрады. Соның бірі Ғ. есімді сотталған азаматқа ең жақын адамы – анасы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елу жеті жастағы ананың айтуы бойынша Ғ. үйінің кенжесі. Қаладағы құрылыс жұмыстарында сылақшы болып еңбек етіп жүрген. Тапқан табысын қалың малға жинапты.

– Сол күні балам жұмыстан кеш оралды. Көйлегінің жағасы жыртылған. Жағаңа не болды дегенімде, “жұмыстағы балалармен төбелесіп қалдым” деп қысқа қайырды. Ертеңіне таң ертең полиция келіп алып кетті. Міне, енді соның өтеуін өтеп отыр, – деп анасы көзіне жас алды.

Анасының кездесуге келгені сотталғанды ерекше қуанышқа бөледі.

– Бүгін анаммен кездесуге мүмкіндік берген мекеме басшылығына алғысымды білдіремін. Анам өзімен үй тағамдарын әкеліпті. Соның ішінде жұмсақ бауырсақтарын құмарта жедім. Мұнда төрт мезгіл тамақ береді. Десе де, анамның қолымен, мейрімімен жасалған тағамдардың дәмі ерекше. Қамауда отырып, бостандықтың, жаныңа жақын туыстарыңның қадірін жете түсінеді екенсің, –  деді ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған 30 жастағы сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру