Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер рұқсат етілмеген сауданың 749 фактісін анықтады

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер рұқсат етілмеген сауданың 749 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын лицензиясыз белгіленбеген орындарда сауданы жүзеге асыруға тыйым салынғаны құпия емес.

– Ағымдағы жылдың басынан павлодарлық полицейлер рұқсат етілмеген сауданың 749 фактісін анықтады. Тұрғындар қолдан істелген сөрелерін орнатып, қаланың жанданған көшелерінде түрлі тауарларды, соның ішінде азық-түлік өнімдерін сатады. Мұндай жағдайда құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен әкімшілік кодексте көзделген жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, 25 жастағы қала тұрғыны Павлодардың жанданған көшелерінің бірінде парфюмерия сатқан. Қыздың рұқсаты да, лицензиясы да жоқ еді. Көрші үйдің тұрғындары осы заң бұзушылық туралы шағыммен жүгінді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.

Басқа жағдайда, Екібастұз қаласында 20 жастағы жас жігіт тура жол бойында тамақ өнімдерін: сүзбе, қаймақ және сүт сатты. Балаларына сүт пен сүзбе сатып алған жас ана шағыммен жүгінді. Үйге келісімен әйел сүттің бүлінгенін және сүзбе қышқыл екенін анықтады. Құжаттарды тексеру кезінде жас жігіттің тиісті құжаттары болған жоқ. “Сатушыға” қатысты ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру