Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзған 534 адамды жауапқа тартты

Павлодарлық полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзған 534 адамды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киіктер мен дериваттарды, сондай-ақ басқа да жануарларды заңсыз аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 8 тамыздан бастап Павлодар облысының аумағында «Киік» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

– Нәтижесінде, полиция қызметкерлері 40-қа жуық заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу, сондай-ақ балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзушылар. Полиция 35 рейдтік іс-шара өткізді, оның барысында елді мекендердің тұрғындарына табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде браконьерлік, жануарлар дүниесін аулау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, биыл полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзған 534 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың барлығына 8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Экологиялық қылмыстарды бұзғаны үшін 17 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру