Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық учаскелік полиция инспекторлары 60 мың тұрғын үйді тексерді

Павлодарлық учаскелік инспекторлар 60 мың тұрғын үйді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу мақсатында 1 қазаннан бастап Павлодар облысының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Полицейлердің күнделікті міндеті – тұрғылықты жері бойынша азаматтарға бару, қылмыс пен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесу. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже береді.

– Өткізілген іс-шараның 10 күнінде павлодарлық полицейлер 60 мыңнан астам тұрғын үй-жайларға барды. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 1,5 мыңға жуық адам тексерілді. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін полицияға 2175 азамат жеткізілді, 1000-ға жуық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.

Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 154 азамат жауапқа тартылды. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 28 адам жазаланды.

Бұдан басқа, ішкі істер органдарын қабылдаушы тұлғалардың өздерінде болатын иммигранттар туралы уақтылы хабардар етпеуінің 20 фактісі анықталды. Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы учаскелік 60 ұсыныс шығарылды.

– Полицейлер азаматтық атыс қаруының иелерін оны сақтау ережелерін сақтайтындығына көз жеткізу үшін тексеруге ерекше назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша алты иеленуші қаруды тіркеу тәртібін бұзғаны және қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды, бұл ретте тіркелмеген қарудың 5 бірлігі тәркіленді. Сонымен қатар, қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзумен байланысты 3 бұзушылық анықталды, – деп атап өтті Руфат Кенжин.

Сонымен, 51 жастағы азаматтық қару иесі тексерілді, оның рұқсатында екі азаматтық қару бар: ИЖ-18М және ИЖ-78 газ тапаншасы. Қару сақталатын сейфті тексеру кезінде дабыл жоқ. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен павлодарлыққа 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қару иелерінен тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру