Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері балалардың сауықтыру лагерьлерін аралауда

Петропавл полицейлері балалардың сауықтыру лагерьлерін аралауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер “Достық” балалар сауықтыру лагеріндегі кезекті ауысымның жабылу салтанатына барып қайтты. Жасөспірімдер жолға аттанбай тұрып, олармен бейресми жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы әңгіме өткізілді. Жол-көлік оқиғасын болдырмау, орман ішінде адаспау жолдары, қалай бұзушы атанбау – осы және басқа да көп тақырыптар талқыланды. Балалар полицейлерге сұрақтарын жаудырды. “Қай уақытқа дейін қыдыруға болады?” деген сұрақтардан, “сізге қылмыскерлерді ұстауға тура келді?” деген ұзын-сонар сұрақтар қойылды. 

- Біз қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін барынша қызықты формада жеткізуге тырысамыз, себебі қызығып тыңдау – олардың түсінгенін білдіреді. Мәселен, жаяу жүргіншілер жолағын неліктен велосипедтен түспей өтуге болмайтынын барлық балалар біле бермейді. Біз велосипед жылдам жүретіндіктен, жүргізушілер оны пайда болғанын байқамай қалуы мүмкін деп түсіндіреміз, - дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Константин Петров.


Кішкентай демалушылар Константин Петровты қызығушылықпен тыңдады. Ол тосыннан қойылған кез-келген сұраққа жауап берді. Әңгімеден кейін балалар онымен фотаға түсіп, тіпті қолтаңбасын да сұрады.
“Достықта” облыс орталығынан және аудандардан келген 200-ге жуық балалар дем алады. Лагердің әкімшілігі тәртіп сақшыларымен тығыз қарым-қатынаста және осындай кездесулерді жиі өткізіп тұрады. Бұдан бөлек, лагердің әр ауысымында қауіпсіздік пен профилактика мақсатында ювеналдық полиция қызметкері болады. Бүгінгі кездесу “Қауіпсіз жаз” және “Қауіпсіз жол” акциялары шеңберінде өтті. Олардың мақсаты бір: кәмелетке толмағандардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру