Петропавл полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады
Петропавл полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қалалық ПБ Екінші ПБ қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні қолға түсірді.
Ұры өзін дөрекі ұстаған – бірінші оқиғада есігі жабылмай қалған пәтерге кіріп, ұйықтап жатқан 12 жасар қызды оятып алмай, қуат көзінде тұрған плншетті қолды қылған. Бұдан ертеректе құрал-саймандар мен бак ұрлап, полицейлердің назарына іліккен. Ұрланған алюминий ыдыстарды жедел уәкілдер түсті металл қабылдайтын орындардан тапқан. Бейнекамералар олжасын тапсыруға әкелген ер адамды анықтауға көмегін тигізді.
Көп ұзамай ер адам ұсталды, ол бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған, ішімдікке әуес 33 жасар қала тұрғыны болып шықты. Оны күдікті деп таныған соңғы эпизод алтын бұйымдардың ұрлығы болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрланған заттардың жартысы қайтарылды.
– Қалалықтарды өз мүліктеріне мұқият болуларын сұраймыз. Үйден шыққанда есіктің жабылғанына көз жеткізіңіздер. Мықты құлыптарды қолданыңыздар. Жер үйде тұратындарға үйде жоқ екенін алыстан білдіретін асылмалы құлыпты ойылып салынатын кілтке алмастыруға кеңес береміз. Үйден ұзақ уақытқа кеткен жағдайда күзет пультіне қосылған дұрыс. Мүмкіндігінше бейнебақылау қызметтерін пайдаланған жөн: бұл қылмыстарды ашуда және алдын алуда септігін тигізетін бірден-бір сенімді құрал, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.