Петропавл полицейлері көлік басқарып келе жатып өзін жайсыз сезінген әйелге көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы Марат Төлебаевқа Петропавл қаласында тұратын анасына көмек көрсеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жылы лебіздерін баласы ала келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусым күні көлік басқарып келе жатып, «City-mall» СҮ маңында Уәлиханов көшесі бойында өзін жайсыз сезінген. Есінен танып бара жатып, шетке қарай тоқтап үлгерген. Жолдың қарсы бағытында келе жатқан полиция кіші лейтенанттары Асхат Ахметов пен Мадияр Жанболсынов бұл қозғалысты байқайды.
– Олар бірдеңе болғанын сезді, – деп жазды Гүлнар Садыққызы. – Тез әрі нақты әрекет етіп, маған алғашқы көмек көрсетті, су берді, есімді жинатқызып, «жедел жәрдем» шақырды. Содан соң көлігімді дұрыстап қойып, кілтін әкеліп берді және жедел жәрдемге дейін шығарып салды. Осындай өз ісіне адал қызметкерлер барда алаңсыз ұйықтай беруге болады. Қызметтеріңізге мың алғыс!
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, экипаж патрульдерінің кезекшілікке түсер алдында алатын тапсырмалары – адамдарға көмек көрсету.
Бұл облыс орталығының көшелерін патрульдейтін Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонына да, қала сыртындағы тас жолдарда қызмет көрсететін Департаменттің ППБ да қатысты. Әсіресе, қаладан шалғай жердегі көмек маңызды. Бұны Челябі-Новосібір автожолындағы болған оқиға растайды.
17 маусымда Бәйтерек және Полудино ауылдарының ортасында Омбы қ. сусын тасымалдап жүрген «Mercedes» жүк көлігінің оң жақ доңғалағы жарылып, үйкелістен тұтанған. Өртті ауыздықтауға 64 жастағы Бішкектің тұрғынына жолшыбай кетіп бара жатқан жүргізушілер көмектескен. Жолаушылардың бірі жолда патрульдерді кездестіріп, болған жайды айтып берген. Полицейлер Сүлеймен Нұрғалиев пен Сергей Михайленко оқиға орнына келеді. Жүргізушінің жағдайы қиындаған: амортизатордың ауа көпшіктері істен шыққан. Полицейлер көмек сұраған Бәйтерек ауылының тұрғындары көлікті жөндеуге көмектесті. Полицейлер жайсыз оқиғаға тап болған жүргізушіге қол ұшын созғандардың барлығына алғыс білдіреді.
– Біз Солтүстік Қазақстан жолдарының қауіпсіз болуы үшін қызмет атқарамыз, – дейді олар. – Бұл мәселелерді тек біздің қатысуымызбен ғана шешу мүмкін емес. Өзара түсіністік, бір-бірімізге деген өзара қамқорлық таныту – жол қозғалысына қатысушылардың амандықтарының кепілі.