Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға қырағылықты арттыруға кеңес берді

Петропавл полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға қырағылықты арттыруға кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн жылып, Петропавл көшелерінде мотоциклдер, скутерлер мен велосипедтер пайда бола бастады. Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға қырағылықты арттыруға кеңес береді.

Кейде автокөлік жүргізушілері скутерлерді қозғалыстың қатысушылары ретінде қабылдай бермейді, оларды автокөліктердің ағынында да байқамайды. Наурыздың соңғы күндерінде Потанин көшесіндегі дүкен тұрағынан шыққан Lada Kalina автокөлігінің жүргізушісі скутеристке қозғалыс артықшылығын бермеді. Бұл өз кезегінде оған төтенше жағдай туғызды. Апат салдарынан скутердің жүргізушісіне медициналық көмек қажет болды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы бойынша хаттама жасалды. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.

– Сонымен қатар тәжірибе көрсеткендей, скутер иелері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады. Естеріңізге сала кетейік, көлемі 50 текше см-ден аспайтын, конструктивті жылдамдығы 50 км/сағ-тан аспайтын ішкі жану қозғалтқышы бар мопедтер мен оларға теңестірілген қозғалыс құралдарын 16 жасқа толғаннан кейін басқаруға рұқсат етіледі. Бұл үшін жүргізуші куәлігі қажет емес, бірақ жол қозғалысы ережелерін толық білу және сақтау қажет. Маусымаралық ауа райының қиын жағдайларында ерекше сақ болу керек. Естеріңізде болсын, дымқыл асфальт та, қатқан мұз да тежеуді қиындатады, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру