Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жыл басынан 18 тонна алкоголь өнімін тәркіледі

Петропавл полицейлері жыл басынан 18 тонна алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкогольдік масаң күйде қылмыстардың жасалуын төмендету – алкоголь өнімі айналымы саласындағы заңнаманы сақтау бойынша полиция жұмысының мақсаты. Учаскелік инспекторлар тұрақты рейдтік іс-шара өткізеді, тұрғындардан келіп түскен қоңырауларды тексереді.

Петропавл қаласында дүкендердің бірінде 21 жасқа толмаған сатып алушыға алкоголь сату фактісі анықталды. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша материал жинады. Соттың қаулысымен дүкен иесіне 122 520 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясының күші 1 айға тоқтатылды.

– 21 жасқа толмаған тұлғаға спирттік ішімдік сатуға тыйым салынған. Айта кететін болсақ, жыл басынан облыс орталығында осындай 23 факті анықталды. Сонымен қатар, күшті алкогольдік ішімдіктерді сағат 21-ден кейін сатуға рұқсат етілмейтінін еске саламыз. Алкогольді асыра пайдалану жанжалға, бұзақылыққа, дене жарақаттарын келтіру мен басқа да заң бұзушылыққа әкелетінін естен шығармаған жөн. Қаңтар айынан бастап қалада тиісті лицензиясыз спирттік ішімдік сатқаны үшін 55 адам жауапкершілікке тартылды, – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Құрамында спирт бар өнімдерді акцизсіз өткізу фактілерінің жолын кесуге ерекше көңіл бөлінуде. Оның сапасына ешкім кепілдік бермейді, адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіруі мүмкін. Тексерулердің бірінде полиция қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 0,5 литр және 1 литрлік ыдыстарға құйылған 13 тоннадан астам спирт сақталған қойманы анықтады. Жиналған материал шешім қабылдау үшін ЭТД жолданды.

Жыл басынан петропавлдық полицейлер барлығы 18 тоннадан астам лицензияланбаған алкоголь өнімін айналымнан алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру