Петропавл полицейлері жыл басынан кәмелетке толмағандарды 83 рет іздестірді
Петропавл полицейлері жыл басынан кәмелетке толмағандарды 83 рет іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін дағдарыс жағдайларында көмекке бірден жүгінуге шақырады. Әлеуметтік педагог, мектеп психологі, ювеналдық полиция қызметкерлері уақтылы қолдаудың көрсетпеген жағдайда, бұның салдары жағымсыз болуы мүмкін. Бұл жөнінде тәртіп сақшылары 13 жастағы ұлының жоғалу фактісі бойынша полицияға жүгінген Петропавл тұрғынына айтып берді. Баланың бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүргені белгілі болды. Әйел ешқайда жүгінбеген. Жағдай күрделеніп, жасөспірім анасынан алшақтай берген. Іздестіру іс-шаралары түні бойы жүргізілді, бала достарының үйінен табылды. Анасына қатаң ескерту жасалды.
Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тапсырылды, отбасы ювеналдық полицияның және мектепішілік есепке қойылды, үйден қайта кетуге жол бермеу үшін психологиялық-падагогикалық қызметтің жұмысы ұйымдастырылды.
– Ең бастысы, қаңғыбастыққа бейімделуге жол бермеу қажет, бұндай жасөспірімдерді қалыпты өмірге қайтару қиынға соғады. Қазіргі уақытта қалада үйлерінен өз бетімен кетіп қалып жүрген 5 жасөспірім есепте тұр. Әрқайсымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналарды кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне барынша назар аударуға, олармен үнемі қарым-қатынаста болуға, қызығушылықтарынан хабардар болуға, араласып жүрген ортасын бақылауға шақырамыз. Мәселелер туындаған кезде бірден көмекке жүгіну қажет. Мамандар көмекті неғұрлым ерте көрсетсе, соғұрлым оң нәтижеге жету мүмкіндігі арта түседі, – деді Петропавл қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ахмагамбетов.
Жалпы жыл басынан Петропавлда кәмелетке толмағандардың із-түзсіз жоғалуы жөнінде 83 өтініш келіп түскен. Барлығының жүрген жері кезекші тәулікте анықталды.