Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлерімен мопедтегі түнгі тонаушылар ұсталды

Петропавл полицейлерімен мопедтегі түнгі тонаушылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің 8-не қараған түні Петропавл қ. тұрғыны тонаушылықтың құрбаны болды. Сағат 23:30 шамасында қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда “Samsung G2” ұялы телефонымен қоңырау соқпақ болады. Осы сәтте белгісіз қылмыскер қолынан телефонын жұлып алып, артынан келіп жеткен мопедке мініп кете барады. Екі қаскөй лезде ізін суытқан, жәбірленуші түрлерін көріп те үлгермеген. Есесіне бейнебақылау камералары “көріп қалған”. Қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері тонаушылардың жүріп өткен жолын байқады.
Екінші ПБ аумағында скутер мен мопед тізгіндейтіндерді жақсы білетін қызметкерлер күдіктілерді тез анықтады. Таңертең 18 және 15 жастағы екі қалалық ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-б. (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған зат алынды.

– Мопед иесі, кәмелетке толмаған күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. – Қазіргі кезде Петропавл қалалық полиция басқармасының ювеналдық полицейлері жасөспірімді арнайы білім беру мекемесіне жолдау туралы мәселені шешуде.

Бейнебақылау камералары – полицейлердің сенімді құралы. Жыл басынан Петропавлда олардың көмегімен 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 10 мыңға жуығы жол жүрісі ережелерінің бұзушылықтары, сондай-ақ қылмыстарды ашуға ықпал еткен 128 факті анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру