Петропавл тұрғыны көшеден бірнеше патрон салынған пакет тауып алған
35 жастағы петропавлдық Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында атыс патрондарына ұқсас заттар салынған пакет тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол дереу полицияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлады. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі атуға жарамды патрондар болып шықты. Бұл оқ-дәрілер Сайга, Вепрь және басқа да аңшылық карабиндеріне жарамды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір полицейлер патрондардың иесін анықтап жатыр.
– Көктемгі аңшылық кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау үшін жауапкершілік көзделгенін тағы бір мәрте еске саламыз. ҚР ҚК-нің 278-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау – 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғады. Сондай-ақ тіркелген қарудың қылмыстық ортаға түсу қаупін азайту үшін оны қауіпсіз сақтау шараларын қатаң ұстану қажет екенін еске саламыз, – дейді Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.