Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда аялдама әйнегін сындырған тұрғын қамауға алынды

Петропавлда мас күйде аялдама әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамаға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол мас күйде 20 шағын аудандағы аялдама кешенінің әйнегін әдейі сындырған.

Жыл басынан бері Петропавл қаласында аялдама павильондарының зақымдануының 6 фактісі тіркелді. Полицейлер облыс орталығының осындай құрылыстары мен басқа да нысандарының зақымданғаны үшін жауапкершілік туралы еске салады.

– Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша сараланатын, алайда 2023 жылғы 7 наурыздан бастап заңнамада бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабына (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген, – деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы  Айдын Ахмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру