Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының азаматтарын анықтады

Ақмолалық полицейлер заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының азаматтарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурыз күні Ақмола облысының аумағында заңсыз көші-қонның алдын алуға, жолын кесуге, көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің ережелерін, оның ішінде елде ұзақ уақыт заңсыз жүру ережелерінің бұзушылықтарын анықтауға бағытталған “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

ЖПІШ барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Көкшетау қаласы ПБ учаскелік инспекторларымен бірлесіп, облыс орталығының аумағында Өзбекстан Республикасынан келген заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтарды анықтады.

Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 5-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тарту) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Бұған дейін аталған азаматтар Зеренді ауданының аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

ЖПІШ барысында құқықтық тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру