Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда көлік салонынан ұрлық жасаған күдікті қылмыс орнында ұйықтап қалған

Петропавлда көлік салонынан ұрлық жасаған күдікті қылмыс орнында ұйықтап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны өзінің Volkswagen көлігінің салонында мас ер адамның жатқанын байқаған. Бейтаныс адам ашық тұрған көлікке жылыну үшін кіргенін және ұйықтап қалғанын түсіндірген. Алайда иесі көлікте қалдырылған құралдардың: жалпы сомасы 300 мың теңге шамасындағы дизельдік жылытқыш, автомагнитола, құрал-саймандары бар жәшіктің жоғалғанын байқаған. Ол жедел полицияға хабарлаған. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері жақын жердегі дүкеннен бейнебақылау камерасына жазылған жазбаны қарап, ұрланған мүлікті салып жіберу үшін күдіктінің такси шақырғанын, кейін Volkswagen-ге қайта оралғанын анықтады.

Жедел басқару орталығының инспекторлары қала жолдарында таксиді тауып алды. Ол мекенжайға жеткенше, патрульдік полицейлермен тоқтатылды. Ұрланған мүліктер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Күдікті — бұрын сотталған Петропавл қ. 39 жастағы тұрғыны. Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бары анықталды. Екі жағдайда да ұрлық ашық қалған көліктердің салонынан жасалған. Көлік иелерінен өз мүліктерінің сақталуын қадағалап отыруды сұраймыз. Есікті жабуды ұмытпаңыздар, қаскөйлерді қылмыс жасауға себеп болатын салондарда ақша, құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыздар, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру