Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда мыңнан астам отбасылық жанжалқойлар жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан Петропавлда мыңнан астам отбасылық жанжалқойлар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірге тұратын әйелге ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталған Петропавл тұрғынының бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі күнің өзекті мәселелерінің бірі. Зорлық-зомбылықтың құрбандары үйдегі дау-жанжалды сыртқа шығарғысы келмей, отбасылық тирандарды кешіріп жатады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мұндай қарым-қатынас ауыр салдарға әкеп соғуы әбден мүмкін.

Айта кетсек, 59 жастағы петропавлдықтың бірге тұратын әйелі отбасылық жанжал үшін полицияны бірақ рет шақыртқан. Ер адам әкімшілік кодекстің басқа баптары бойынша бірнеше рет жазаға тартылған: бұзақылық, тыныштықты бұзу және абаттандыру қағидасын бұзу. Қаңтар айында бірлескен отырыс барысында ішімдік ішкен қалалық әйеліне пышақ салған. Ақпанда оған сотпен пробациялық бақылау бекітіліп, 4 жылға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ, сот алкогольдік ішімдіктер ішуге және спирттік ішімдіктер сататын көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу сияқты бірқатар міндеттер қойды. Дей тұрғанмен, ер адам жарты жыл ішінде қойылған талаптарды бірнеше рет бұзған, қыркүйек айында жазасының өтілмеген мерзіміне бас бостандығынан айыру орнына жіберілді.

– Жыл басынан Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1092 адам жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, тұрмыс саласында 18 қылмыс жасалған, оның 13-і алкогольдік масаң күйде. Басым бөлігі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын келтіру. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына өз проблемалары туралы үндемей қалмауға кеңес береміз. 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефоны арқылы полицияға, өз учаскелік полиция инспекторларыңызға, 150 республикалық саll-орталығына, +7-777-504-77-73 Әйелдерді қолдау орталығына немесе «102» арнасына хабарлаңыздар, жағдайдың ушығуына жол бермеңіздер, – деп хабарлайды Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру