Петропавлда отбасында құқық бұзушылық жасаған 154 адам тексерілді
Петропавлда 8 күнде отбасында құқық бұзушылық жасаған 154 адам тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында Петропавл полицейлері бірнеше отбасына барды. Тексерістің барысы – отбасындағы тіркелген зорлық-зомбылық фактілер бойынша кездесу. Маусым айында Петропавл тұрғыны спирттік ішімдік ішіп, жанжал шығарған. Оның жұбайы полицияға жүгінген. Сотта олар татуласқанымен, олардың отбасы үнемі бақылауға алынды. Негіз – бір айға шығарылған қорғау ұйғарымы. Шағым түскен жоқ, көршілері оң пікір білдіруде, қабылданған шаралар өз нәтижесін берді. Өкінішке орай, бәрі бірдей түзеле бермейді. Кезекті мекенжай бойынша отбасының барлығы маскүнемдер ретінде есепте алынады. Учаскелік инспекторлар ер адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберген. Оның анасы мен жұбайы ішімдікті асыра қолданады, әйелдердің арасындағы жасы кішісі отбасында жанжал шығарады. Тәртіп сақшылары жүргізілген жұмыстардың арқасында отбасындағы қарым-қатынастың түзелуіне сенім білдіреді.
Барлығы соңғы 8 күнде отбасында құқық бұзушылық жасаған 154 адам тексерілді. 4 қорғау ұйғарымын бұзушылық және сотпен белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 3 фактісі анықталды.
– Рейдтер “Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь” профилактикалық акциясы шеңберінде өткізілуде, ол 4 шілдеде бастау алды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары көбіне полицияға жүгіне бермейді. Сондықтан, басты міндеттердің бірі – полицияның әрдайым қолжетімді әрі көмекке дайын екендігін халықтың есіне салу. Сондай-ақ бұрын сотталғандар мен есепте тұрған адамдардың басқа да санаттағылары тексеріледі – олардың барлығы 600 адамнан астам. Рейд барысында 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жартысынан астамы – ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу. Бұдан бөлек, тұрмыстық қарым-қатынас саласында 40 құқық бұзушылық анықталды. Алкогольді заңсыз сатуға ерекше көңіл бөлінуде, 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 литр алкоголь тәркіленді, — дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.