Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер жер үйдің ауласынан 1700 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіледі

Петропавлда полицейлер жер үйдің ауласынан 1700 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішімдіктің салдарынан орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл – полицейлердің профилактикалық жұмыс жүргізудегі маңызды бағыттарының бірі. Полицияның қызметтері алкогольге қарсы заңнаманың бұзушылықтарн анықтауға бағдарланған. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында Петропавлдың жұмысшы кентінде контрафактілік өнімнің тағы бір қоймасын анықтады.

61 жастағы жергілікті тұрғынның қора-қопсысынан әртүрлі маркалы акцизденбеген 4 мың қорап темекімен бірге 1735 литр арақ пен коньяк, одан бөлек осы ішімдіктерді жасырын жасайтын спирт тәркіленді. Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды.

– Заңсыз өнім Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғаны және өткізу жолдары анықталуда. Сапасына ешкім кепілдік бермейтін заңсыз спирт өнімін пайдалану денсаулыққа қауіпті екендігін ескертеміз. Бұдан бөлек, спирттік ішімдіктер ауыр қылмыстардың жасалуына себеп болады. Заңсыз алкогольді тәркілеудің әр фактісі – оның таралуына тосқауыл, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру